Ұлттық ойындар – халқымыздық құнды мұрасы. Оларды ұмыт қалдырмай, жас ұрпаққа насихаттау үшін түрлі шаралар атқарылып жатыр. Солардың бірі – Ақсу қаласында өткен «Алтын сақа» спорт фестивалі. Жарыс туралы – келесі материалда.

Қазір елімізде ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығы артып келеді. Әсіресе, асық ату спорты облыста қарқынды дамуда. Былтыр облыстық асық ату федерациясы ҚР-ның үздік ойыншылары атанғанын айта кету керек. Бұл ойынға балалардың да қызығушылығы жоғары. Сол себепті биыл екінші мәрте спорт фестивалі ұйымдастырылып, жеткіншектер асық ату, бес асық сияқты ойындар бойынша жарысты.

Фестивальға 18 ауылдық және 9 қалалық мектеп оқушылары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Барлығы мықты дайындықпен келіп, жеңістен дәмелі.

АҢСАР БЕЙСЕКЕЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Мен асық ату ойының екі жылдай ойынап жатырмын. сол ойын арқылы мен өз мерегендігімді дамыттым. Сол ойынды ойнағанда, мен өзімді бос ұтаймын және сол ойынды ойнағанда мен .... маған қызықты сол ойын

Жарыс соңында қос ойын түрінен жеңімпаздар анықталды. Бес асық бойынша Үштерек орта мектебі жеңіске жетті. Мәжен Қабылбеков атындағы мектеп екінші орынды иеленсе, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үштікті қорытындылады. Ал асық ату бойынша Жамбыл орта мектебі қарсыластардан басым болды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екінші, ал Мәжен Қабылбеков атындағы орта мектеп үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жұлдыз Қабылденова