Павлодар ассамблеясы алғаш рет барлық би ұжымдарын басын қосып, ауқымды концерт өткізді. Иса Байзақов атындағы облыстық филармония сахнасында 10 этномәдени бірлестік өкілдері би өнерінің биігінен табылды.

Би өнерінің сиқыры бөлек. Айтары айқын. Бұл жолы әр түрлі этномәдени бірлестіктің би ұжымдары осы биіктен табылып, ұлттық нақыштағы өнердің сырына қанықтырды. Олар кәсіби бишілер емес. Алайда, өнер арқылы сахна төрінде бар мүмкіндіктерін көрсетуде.

Концерт деңгейі жоғары өтті. Әр түрлі херографиялық стиль өзінің жарқын эстетикасымен таңдандырды.

Жанасыл Серікбол