Әлемде әрбір 6 секунд сайын 1 адамның жүрегі тоқтап қалады екен. Ол адамның ары қарай өмір сүруі жанындағы жанға байланысты. Сондықтан қашан да жүрек өкпе реанимациясын жасау маңызды. Осы ретте апаттар орталығының мамандары оны қалай дұрыс жасау керектігін айтты.

Апаттар медициналық орталығы апаттық жағдай, яғни, өртену, жол көлік апаты кезінде зардап шеккендер көп болған жағдайда көмекке шығатын бригада. Бірыңғай 112 нөміріне түскен хабарлама, ауырлығына қарай осы орталыққа жіберіледі. Қандай да төтенше жағдай орын алғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге апаттар медициналық орталығының мамандары келеді.

ИГОРЬ КОЛЕСНИЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ АПАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Біз жедел жәрдемнен немен ерекшеленеміз. Егер жедел медициналық көмек науқасты тиісті медициналық көмек көрсетуге арнайы медұйымға апаратын болса біздің көрсететін қызметіміз ауқымды. Біз алдымен апаттағы науқастарды сұрыптаймыз. Кімге қай уақытта көмек көрсету керектігін анықтаймыз. Алдын ала стационарларға, дәрігерлерге хабар жібереміз. Эвакуациалаудың жолдарын анықтаймыз. Осы жұмыстармен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетеміз.

Соңғы кезде адам өмірін сақтап қалуға заманауи құрылғылар қолданылады. Бірақ дәстүрлі тәсілдер ескірмейді.

Орталықтың негізгі мақсаты адам шығынын азайту, тіпті, болдырмау. Адам зардап шекккендерге санитарлық медициналық, психологиялық көмекті жылдам ұсыну.

ИГОРЬ КОЛЕСНИЧЕНКО , ОБЛЫСТЫҚ АПАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Егер зардап шеккен азаматқа келсеңіз. Алдымен аумақ қауіпті ме қауіпсіз бе соны анықтаңыз, зардап шеккен азаматты қауіпсіз жерге ауыстырамыз. Электр желілерінің орналасқан аумағын да анықтап аламыз. Зардап шеккен жанға тек арнайы аяқ киіммен жақындау керек. Табаны биік аяқ киімнен тоқ өтпейді. Одан кейін ғана тиісті шараларды жасауға болады.

Апаттар медицинасы орталығының мамандары ессіз жатқан адамды шапалақпен соғу, жүрек кеуде реанимациясы кезінде жұдырықпен ұру сынды тәсілдердің алынып тасталғанын жеткізді.

Самал Қалиқызы