Екібастұзда жылу құбыры жарылып, 10 жастағы кішкентай бала о күйіп қалды. Ата анасының сөзінше, бала футбол ойнап жүріп, добы жылу құбырының астына кіріп кеткен. Оны шығармақ болған кезде, құбыр жарылған. Қазір кішкентай футболшының жағдайы орташа ауыр. Денесінің 20 пайызын күйік шалған. Тәртіп сақшылармен қылмыстық іс қозғалды.

СВЕТЛАНА ПОДЗОРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2014 жылғы бала термиялық күйікпен Екібастұз қалалық ауруханасына түсті. Екі аяғының 20 пайызы күйіп қалған. Ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болды, себебі күйік шокын алған. Жан сақтау бөліміне жіберіліп, интенсивті ем қабыладады. Қазір жағдайы жақсарды, травматологиялық бөлімшеге ауыстырылды.