📲 **Сайлаудағы онлайн-сервистер**
Қазақстанда сайлаушыларға арналған екі онлайн-сервис іске қосылады. Біріншісі учаскелік комиссия мүшелеріне азаматтың жазбаша өтініші бойынша оның тұрақты тіркелген мекенжайын тексеріп, сайлаушылар тізіміне енгізуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет 5106 сайлау учаскесінде қолжетімді болады.
🗳️ Екінші сервис тұрақты тіркеуі жоқ әрі тізімге енгізілмеген азаматтарды дауыс беру күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуге арналған.