Негізгі Жаңалықтар Салықтық рақымшылық деген не?

Салықтық рақымшылық деген не?

Жүргізуші: 2026 жылдың алғашқы тоқсанында микро және шағын кәсіпкерлерге салықтық қарыз жүгін жеңілдетуге мүмкіндік беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске қосылатын амнистия айыппұлдар мен өсімпұлдарды толық кешіруді көздейді. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Салық саласындағы амнистия — бұл мемлекеттің салық және кеден ісі саласындағы әкімшілік айыппұлдарды есептен шығару шарасы. Ол жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және шағын бизнеске қатысты қолданылады. 

Әсем Дүйсембекова, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

Рақымшылық жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғаларға (адвокаттарға, нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, медиаторларға) қолданылады. Айыппұлды есептен шығарудың 3 негізгі критерийі бар. Ол Айыппұл сотпен емес, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасымен салынған. Айыппұл 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша орындалмаған (толық немесе ішінара төленбеген). Бұзушылық Рақымшылық туралы заңның 8-бабында белгіленген ерекшеліктер тізбесіне кірмейді.

Президенттің тапсырмасымен Қазақстанда салықтық амнистия жарияланды. Амнистия 2026 жылға дейін қалыптасқан салық берешегіне қатысты қолданылады және микро, шағын бизнес субъектілерінің өсімпұлдары мен айыппұлдарын толық есептен шығаруды қарастырады. Сондай-ақ жыл басындағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында тіркелген айыппұлдар да кешіріледі.

Төлеген Шаймарданов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

ӘҚБтК-нің 720-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қарайтын процестік және ауырлығы төмен әкімшілік құқық бұзушылықтар рақымшылыққа ілігеді. Бұл Тіркеу мерзімдерін бұзу (ӘҚБтК-нің 269-бабы). Арнайы режимдердегі қателіктер (ӘҚБтК-нің 270-бабы), Тоқтатылған кезеңдегі қызмет (ӘҚБтК-нің 271-бабы) , Декларацияларды өткізуді кешіктіру (ӘҚБтК-нің 272-бабы), БҚМ бойынша бұзушылықтар (ӘҚБтК-нің 284-бабы), Кедендік рәсімдер, яғни МКО қараған кеден ісі саласындағы әкімшілік істердің басым бөлігі (кедендік бақылау аймағы режимін, декларация тапсыру мерзімдерін, тауарларды сақтау тәртібін бұзу және т.б.).

Бұл қадам бизнесті жаңа салықтық кезеңге қарызсыз бастауға жол ашатынын айтты. Оның сөзінше, амнистия қаржылық тәртіпті күшейтіп, есеп жүргізуді жеңілдетеді және ел көлеміндегі мыңдаған микро әрі шағын кәсіпкерге тыныс береді.


Самал Қалиқызы



Бөлісу