Негізгі Жаңалықтар Тең мүмкіндік – тең жеңіс

Тең мүмкіндік – тең жеңіс

Павлодарда паралимпиадалық спорт түрі — боччадан ¬ республикалық ашық турнир өтіп, еліміздің түрлі аймағынан келген спортшылар өзара кіл мықтыны анықтады. Тартысты өткен дода қатысушылардың шеберлігі мен спортқа деген құштарлығын танытты. Толығырақ әріптесім – Жұлдыз Қабылденова тарқатады.


Павлодарда өткен боччадан республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде спортшылар мен жаттықтырушылар өз өнерлерін ортаға салды. Арнайы шақырылған қонақтар да қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған додаға еліміздің 8 өңірінен келген 84 параспортшы қатысты. Жарыста 48 павлодарлық бақ сынаса, өзге қатысушылар Абай, Қарағанды, Ұлытау және Ақтөбе облыстары мен Астана, Алматы, Жаңаөзен қалаларының намысын қорғады.

Бәсеке қатысушыларының бірі — Абай облысынан келген Кенжехан Баймұратов. Ол өңір спортшыларын жинап, жарысқа жан-жақты дайындап әкелген.

Мұндай деңгейдегі ауқымды турнир Павлодар облысында екінші мәрте өтіп отыр. Еске сала кетсек, тұңғыш ірі республикалық жарысты өңіріміз 2023 жылы ұйымдастырып, бұл доданы қабылдаған алғашқы облыс атанған. Қазір еліміздің басқа өңірлері де осындай маңызды ойындарды өткізуде.


Жұлдыз Қабылденова


Бөлісу