Облыстық аппарат отырысы өтті
Облыстық әкімдікте аймақ басшысының қатысуымен аппарат жиыны өтті. Күнтәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен елдімекендерді ұялы байланыспен, интернетпен қамту мәселері сраланды. Заңсыз аясынан тыс жүріп жатқан құрылыстардың да түйткілдері айтылды.
Павлодар облысының 336 ауыл ұялы байланыспен, 344-і интернет желісімен қамтылған. 9 ауылға ұялы байланыс, 1 елдімекенге интернет әлі жетпеген.
2025 жылы Успен ауданы Богатырь, Белоусовка ауылдары, Аққулы ауданы Жамбыл, Ақсу қаласы маңында Айнакөл, Павлодар ауданындағы Қаракөл ауылдарында 4 джи желісі іске қосылды. Қараағаш, Қызылқақ, Сілеті, Шабар, Сынтас ауылдарында антенна діңгекті құрылыстары аяқталды.
Сонымен қатар, аппарат кеңесінде өңірдегі құрылыс бағытындағы заңбұзушылықтар да талқыланды. Негізгі кемшіліктер құрылыс қолға алынған кезден басталады екен. Заңсыз бой көтерген нысандарды бұзу фактілері де тіркелді.
Бұл ретте аймақ басшысы жауапты басқарма басшыларына заңсыз құрылысқа қазаншұңқыры қазыла бастаған сәтте араласуға шақырды. Құрылыстағы заңсыздыққа жол берілсе тәртіп болмайды деп, жұмысты күшейтуді тапсырды.
Самал Қалиқызы