Есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру
Қазақстан азаматтары Құрылтай сайлауы күні басқа елді мекенде болса, есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алады. Бұл құжатты 7–22 тамыз аралығында тіркелген жеріңіздегі учаскелік сайлау комиссиясынан алуға болады. Ол үшін өтініш жазып, жеке куәлігіңізді көрсету қажет.
Егер сайлау күні тіркелген жеріңізде болмасаңыз, дауыс беру мүмкіндігі сақталады. Ол үшін 7 тамыздан бастап, яғни дауыс беру күніне дейінгі 15 күн ішінде өзіңіздің учаскелік сайлау комиссияңызға жазбаша өтініш беруіңіз қажет. Есептен шығару куәліктерін беру 22 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады. Есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады. Бұл жағдайда сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Өзіңіз уақытша жүрген жердегі сайлау учаскесіне есептен шығару куәлігі мен жеке куәлігіңізді ұсыныңыз. Осыдан кейін сіз сайлаушылар тізіміне енгізіліп, дауыс беру бюллетені беріледі.