Негізгі Жаңалықтар Учаскелік сайлау комиссияларының дайындығы

Учаскелік сайлау комиссияларының дайындығы

Құрылтай сайлауы жақындап келеді. Учаскелік сайлау комиссияларында дайындық қызу. Толығырақ тілші сюжетінде. 



Бұл Павлодар қаласындағы №10 учаскелік сайлау комиссиясы. Мұнда 23 тамыз күні өтетін құрылтай сайлауына дайындық қызу. Учаскі сайлаушылар мен комиссия мүшелері үшін қажетті жиһаздармен, керек жарақтармен қамтылған. 

Полина Санкина, №10 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы

Кіреберісте автотұрақ қарастырылған. Есіктің алдында пандус жанында қызметкерлерді шақыру батырмасы бар. бірінші және соңғы сатыларда, шыны есіктерге арнайы сары белгілер бар. Ғимаратқа кіргенде тактильді жолақтар орналасқан. Учаскі ішінде қауіпсіз жүріп тұруға арналған. 

Мүгедектігі бар азаматтарға кабинкаларда брайль шрифтімен трафарет қойылған. Бұл тұрғындардың бюллетеньді ешбір қиындықсыз, кедергісіз толтыруына мүмкіндік береді. 

Полина Санкина, №10 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы

Учаскіде мүгедектігі бар 5 адам дауыс береді. олардың екеуі арбаның көмегімен қозғалып тұрады. Үшеуі көзі нашар көретін азаматтар. Осы жолы 18 жасқа толған 5 жас бірінші рет дауыс береді. Сайлаушылар қатарында 35 жасқа дейінгі 457 адам бар. Таңғы алтыда техниканы дайындау, жәшіктерді мөрлеу жұмыстары басталады. 7.00-ден 20.00-ге сайлаушыларды күтеміз. 

Жоғарыда айтқандай, мүгедектігі бар азаматтардың құрылтайға жайлы, ешбір кедергісіз қатысуы үшін жағдай жасалған. Аудио және видео файлдар жүктелген компьютер орнатылған. Онда толық ақпаратпен танысуға болады. Учаскіде стационарлық және екі көшпелі жәшік те бар. Көшпелі жәшіктер осы ғимараттан тыс дауыс беретіндерге арналған. 


Бөлісу