Президент сәйгүлігіне ұқсас тұлпар
Облысымызда Қамбар Ата тұқымын әспеттеп, қасиетін танып жүрген жандар аз емес. Олар желден жүйрік жылқыны қастерлеп, қазазы болмысты насихаттауда.
Байтұрсын Жұмабай
Осыдан екі айдай бұрын әлеуметтік желі арқылы көпшілік назарын аударған Ақжан атты тұлпар естеріңізде шығар?
Рауан атты тұлпардың басты ерекшелігі –түсі. Әдетте сирек кедестетін мұндай түсті изабелла деп те атайды. Ол ахалтеке жылқыларының шамамен үш пайызында ғана ұшырасады. Түгінің ерекше құрылымының арқасында күн сәулесіне шағылысып, атлас секілді жарқырап тұрады. Дала дәстүрінде мұндай тұлпарлар ырыс-береке мен молшылықтың нышаны саналады.
Иманғали Займолда, нұсқаушы
Мен атта отырған жылқы аты Рауан осы жақтың сәйгүліктерінің ішінде ең ерекшесі. Көзі барлығы белгілі жылқылардың ішінде.
КТМ: Рауан қазір жаңа ортаға бейімделіп, өңірдің климатына үйреніп жатыр. Күніне екі рет серуенге шығарылады. Азықтану тәртібі мен жалпы жағдайы тұрақты бақылауда.Таңертең алдымен шөп беріледі, бір сағаттан кейін сұлымен азықтанады. Сағат он бір шамасында сәбіз бен алма, ал түстен кейін жоңышқа беріледі. Су ішу режимі де қатаң сақталады. Тұлпар түнейтін қора үнемі таза болуы тиіс. Себебі бұл тұқым өте таза келеді, суы мен жеміне бөгде зат түссе, бірден сезеді.
Досжан Мұратбек, атбегі
Бұл аттың күтіміне келер болсақ басқа қазақы тұқымдағы жылқыларға қарағанда сәл тұқымды көп талап етеді. Қазіргі таңда бұл жылқыға люцерна деген арнайы өңірімізде өсірілетін осы сол шөппен әкеліп осы жерде биімдеп жатырмыз қазір.
Сәгүлік Халықаралық ахалтеке жылқы шаруашылығы федерациясы арқылы сатып алынған. Сол жерде барлық қажетті құжаттары рәсімделген. Қарапайым жылқыны күтіп-бағуға айына шамамен 100-150 мың теңге жұмсалады. Ал ақалтеке тұқымына кететін шығын екі-үш есе жоғары болады.
Досжан Мұратбек, атбегі
Бұл атты алудағы негізгі мақсатымыз. Өздеріңіз білесіздер әлеуметтік желіде кең таралды. Сол себепті бізге де шабыт сыйлады десек болады. Алматы қаласынан әкелгенімізге 10 күннен асты.
Рауанның тағы бір ерекшелігі – шыққан тегі. Ол да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжан өсірілген жылқы зауытында дүниеге келген.
Байтұрсын Жұмабай