Құрылтай сайлауын 10 мың қоғамдық байқаушы бақылайды
Құрылтай сайлауын 10 мың қоғамдық байқаушы бақылайды
Қоғамдық байқаушылар Құрылтай сайлауын ұзақ мерзімді негізде қадағалайды. Олар сайлау күні, сондай-ақ, саяси науқанға дейін және одан кейін заңбұзушылықтар болмауын бақылайды.
Бақылаушылар мүгедектігі бар азаматтарға тиісті жағдай жасалған ба, стендтердегі партиялар туралы ақпараттар көлемі бірдей ме, учаскелерде өзін-өзі ұстау ережесі бар ма, ол құжатқа қол қойылып, мөрмен бекітілген бе, осы сияқты өзге де мәселелерге мән береді. Сайлау күні 10 мың қоғамдық бақылаушы жұмыс істейді. Оның 20 пайызы 24-35 жас аралығында, 70 пайызы 35-50 жас аралығында, 10 пайызы 50-65 жас аралығында. Байқаушылардың 60%-дан астамы 500 мыңнан астам халқы бар қалаларда, 30%-ы аудан орталықтарында, 10%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Сондай-ақ, олардың 55%-ы әйел адамдар болса, 45%-ы ерлер. Байқаушылардың 67%-ының тәжірибесі бар. 23%-ы алдыңғы сайлауларда кемінде бір рет байқаушы болған. 10%-ы алғаш рет байқаушы болғалы отыр. Сонымен қатар, қоғамдық байқаушылар Құрылтай сайлауын ұзақ мерзімді негізде қадағалайды. Олар сайлау күні, сондай-ақ, саяси науқанға дейін және одан кейін заңбұзушылықтар болмауын бақылайды.