Негізгі Жаңалықтар Ыстық су қашан беріледі?

Ыстық су қашан беріледі?

Павлодарлықтар жаз басталса, ыстық суды беру маусымының тоқталатынын бұрыннан біледі. Осы уақытта магистарльдар мен құбырлардың ауыстыралытынын да біле ме? Сонымен ыстық су қашан беріледі? Тілшіміз біліп қайтты. 


Солтүстік желілік ауданда гидравликалық сынақтар аяқталды. Енді мамандар ыстық суды кезең-кезеңімен қоса бастайды. Себебі сынақ барысында анықталған ақауларды жою қажет.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Сынақ нәтижесінде Солтүстік желілік ауданда 57 ақау анықталды. Оның 11-і магистральдық жылу желілерінде. Жылу желілерінің мамандары анықталған учаскелерде жөндеу жұмыстарын бастады.

Оңтүстік желілік ауданда гидравликалық сынақтар бүгін ғана аяқталды. Енді мұнда да мамандар үйлерді ыстық сумен кезең-кезеңімен қамтамасыз ете бастайды. Нақты мерзім жылу желілерінің әр учаскесінің жағдайына байланысты. Жөндеу және ыстық суды қосу кестесін әкімдік жақын арада ресми ресурстарында жарияламақ.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Жүргізіліп жатқан жұмыстар алдағы жылу беру маусымында тұрғындарды сапалы әрі сенімді жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Гидравликалық сынақтар жылу желілеріндегі ақаулы учаскелерді дер кезінде анықтап, жылу беру маусымы басталғанға дейін оларды жоюға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, қалада кварталішілік жылу желілерінің шамамен 20 шақырымы қайта жаңғыртылып жатыр. Тағы 14 учаскеде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 2,5 шақырым. Бұл жұмыстардың барлығын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Самал Қалиқызы



Бөлісу