Негізгі Жаңалықтар Үш күдікті қамалды

Үш күдікті қамалды

Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылындағы сүт фермасының аумағында болған қайғылы оқиғаға қатысты күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қатарында ферманың басшысы да бар. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінде хабарлады. 


Аталған факті бойынша Павлодар облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Қылмыстық іс аясында істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деді полицияда. 

Естеріңізде болса, 2026 жылдың 20 шілдесінде «Ақтоғай милк» сүт фермасында кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою кезінде уланып, алты жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан 1963 пен 2009 жылдар аралығындағы алты ер адам көз жұмып, тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілді. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу