Онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді
Павлодар облыстық онкологиядық диспансері кезекті ашық есік күніне шақырады. Бұл жолы шара өкпе қатерлі ісігін анықтауға бағытталып отыр. Жолдамасыз келіп, дәрігерлерге қаралу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Қазіргі таңда облыс бойынша 14711 адам онкологиялық диспансерде есепте тұр. Осы жылдың 7 айында 1547 пациент есепке алынған, оның 151-і өкпе қатерлі ісігі диагнозымен.
Валерий Кравчук, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі
Өкпенің қатерлі ісігі өте ауыр сырқаттардың бірі. Сондықтан өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болу фактілері де көп. Соңғы 60 жылда өкпенің қатерлі ісігі жалпы онкологиялық сырқаттар ішінде бірінші орында болды. Бүгінгі таңда үшінші орынға түсті. Жалпы оны ерте кезеңдерде анықтау тек техникалық құралдардың көмегімен ғана жүзеге асады. Бірінші кезекте бұл флюрография, рентгенография арқылы.
Өкпе обырының алғашқы белгілері әдетте білінбейді. Кейде қатерлі ісіктің бұл түрі басқа сырқаттардың бетпердесінің артында анықталмай жатады.
Валерий Кравчук, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі
Өкпенің қатерлі ісігі әлбетте жұтқан ауаға байланысты. Ауаны ластайтын бірде бір зиянды зат - шылым шегу. Ең зияндысы классикалық шылымдар. Бізде тіпті өкпе обырының отбасылық түрге ауысқаны да болды, мысалы күйеуі мен әйелі де ауырып қалған жағдайлар болды. Бұл жерде әйелі шылым шекпеген, бірақ сол шылымның ауасын жұттқан. Шетелдік зерттеулер, шылым шегу өкпенің қатерлі ісігін 5-6 есеге дейін
Ашық есік күні 15 тамыз күні Павлодар облыстық онкологиялық диспасерінде өтеді. Оған жолдамасыз, тек жеке куәлікпен келуге болады. Осы ретте дәрігерлер, қосымша сараптамалар мен зерттеулер қорытындылары болса, алып келуді сұрайды. Бұл диагнозды нақтылап, ем алуға көмектеседі.
Самал Қалиқызы