Табиғат сырын танытқан ғұлама
Биыл техника ғылымдарының докторы, професоор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбікен Бектұровтың дүниеге келгеніне — 125 жыл. Ғалым отандық химия саласының өркендеуіне қосқан үлес қосты. Көптеген шәкірттер тәрбиелеп, тұтас бір буынның ғылымғы қызығушылығын арттырды. Ғұмыр жолы тағылымға толы тұлға жайлы алдағы материалымызда.
Химия — күрделі формулалар жиынтығы ғана емес, қоршаған әлемнің ғажайып сырларын ашатын ерекше ғылым. Осы бір тылсым әлемді терең зерттеп, отандық химия саласының негізін қалаушылардың бірі — біртуар тұлға Әбікен Бектұров.
Нұрбала Убайдуллаева, химия ғылымдарының кандидаты
«Ә. Бектұров еңбек жолын қарапайым оқытушы ретінде бастап, кейін қазіргі Әл-Фараби ҚазҰУ-нің кафедра меңгерушісі, химия факультетінің алғашқы деканы болды. 1946 жылы Қазақ ҒА құрылған кезде химия ғылымдары институтының алғашқы директоры болып тағайындалып, елімізде бейорганикалық химияның іргетасын қалаған халымдардың біріне айналды.»
Академик 400-ден астам ғылыми еңбек жазған және ел игілігіне айналар нақты істерге мұрындық болған. Әсіресе, Қаратау фосфориттерін минералды тыңайтқыш ретінде пайдаланудың ғылыми жүйесін қалыптастырып, фосфатты шикізаттарды өңдеудің озық тәсілдерін өндіріске енгізген.
Ғалым тек ғылыми зерттеулермен шектелмей, ұстаздық жолға да ерекше көңіл бөлді және жас зерттеушілердің жан-жақты ізденіс жасауына қолайлы жағдай қалыптастырды. Тәлімгер алған ондаған шәкірті отандық ғылымның көкжиегін кеңейтуге үлес қосты.
Академиктің есімі мен ғылымның дамуына сіңірген еңбегі халық жадында сақталып, кейінгі буынға үлгі болып қала бермек. Бүгінде ғалымның аты берілген Химия ғылымдары институты жемісті жұмыс істеп келеді, сондай-ақ оның құрметіне көшелер аталып, арнайы аудиториялар ашылып, білім сайыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүр.
Жұлдыз Қабылденова