Сайлау күнінде онлайн-сервистер іске қосылады
Облыста Құрылтай депутаттарын сайлау өткізу үшін 500-ден астам сайлау учаскесін ашу жоспарланып отыр. Олардың жартысына жуығы заманауи цифрлық құралдармен жабдықталады. Сайлау күні азаматтардың тіркелуін тексеруге және қажет болған жағдайда дауыс беруге қатысу үшін уақытша тіркеуден өтуге мүмкіндік беретін онлайн-сервистер іске қосылады.
Руслан Мұқанов, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы
Құрылтай сайлауына 522 сайлау учаскесі қатысады. Олардың барлығы материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген: стационарлық және тасымалды жәшіктер, жиһаз, кеңсе техникасы және байланыс құралдары бар. Проблемалық мәселелер жоқ. Қалалар мен аудандарда азаматтарды тексеруге арналған 226 онлайн-сервис және азаматтарды тіркеуге арналған 6 сервис дайындалады. Олардың барлығы жоғары жылдамдықты интернетпен және қажетті техникамен қамтамасыз етілген.