Қоғамдық кеңес алдында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлудегі жабық, жасырын әрекеттер, кәсіпкерлік субектілерін гранттар арқылы қаржыландыру кезіндегі бұзушылықтар жайы талқыланды. Сонымен қатар, су құбырларының құрылысы ұзаққа созылу себебіндегі кілтипандар да жария етілді.


Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі 5 бірдей сыртқы талдау жұмыстарын, тікелей жемқорлық әрекетіне қарсы 15 мониторинг жүргізген. Бұл жұмыстарға азаматтық қоғам өкілдері де белсене қатысыпты. Мәселен, жер қатынастары бойынша жағдай мынадай.

Мұратбек Қасымов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысының орынбасары:

Белгілі бір ауыл шаруашылық құрылымының мүддесі үшін жер заңнамасы жиі бұзылады. Елдімекен тұрғындарына зиян келтіріле отырып, оларға жер беріледі. Жер комиссиясы мүшелерінің қызметі ашық емес. Конкурс барысында жекелеген мүдделер қорғалады. Мүдделер қақтығысы сараланбайды.

Шаруа қожалықтарына жерді жалға берудің мерзіміне байланысты заң бұзушылықтар Екібастұз, Павлодар, Баянауыл, Шарбақты, Успен, Ертіс аудандарында тіркелген. Сонымен қатар, жер учаскесінің бастапқы мақсаты өзгерген жағдайлар да көп. Ал, жер қатынас бөлімдері азаматтардың өтінішіне салғырт қарайды.

Мұратбек Қасымов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысының орынбасары:

Павлодар қаласы бойынша екі жылдың ішінде 3399 өтініш бойынша мемелекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылған. Екібастұз қаалсында да бұндай бұзушылықтар көп. Сондықтан облыс әкімдігі жер қатынастары мамандарының, жер комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауатын арттыру бойынша шараларға мән беруі керек.

Ал, талаптарға сай келмейтін жобаларға грант беру, кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер жасау, грант алушылардың қаражатты игеру және бизнес жобаларды іске асыру шарттарын сақтамаудың 7 фактісі анықталыпты.

Дархан Құрақбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

Біз әрине әуелі бұнда жылдық есебімізді жасаймыз. Сонымен қатар,ғ қоғамдық кеңес өкілдерімен бірге мемелкеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен сапасын арттырудың негізгі бағыттарды талқылау үшін келдік. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауың шараларын бірлесе атқыуымыз керек.

Сонымен қатар, жиын барысында су құбыры нысындарын салудағы мәселелер де айтылды. Бүгінде өңірімізде осындай 10 нысан бар.


Аяулым Рахымжанова, Жанасыл Серікбол