Павлодар облысының прокуратурасы ірі кәсіпорынның қалалық саябақ аумағының 10 пайызын көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына заңсыз иемдену фактісін анықтады.

"Қазақстан алюминийі" АҚ Павлодардағы қалалық саябақтың жерін иемденбек болған. Облыстық прокуратура "Металлургтер» саябақ аумағының бір бөлігін екі көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды. Қазіргі таңда тиісті шаралар атқарылуда, мәселен заңсыз берілген және уақыты өткен жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Қазір ешқандай тергеу жұмыстары қозғалмаған. Бірақ жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Қымбат Садық