Павлодарлық оқушы пәндік халықаралық олимпиадада бірінші орынды иеленді. Химия пәніне арналған Менделеев олимпиадасы Қытайда өтті, оған әлемнің 29 елі қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлдені иеленді. Олардың қатарында Павлодар қаласының №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Ринат Илюсизов бар. Ол жеңіс тұғырынан көрінді. Халықаралық Менделеев химия олимпиадасында екі теория және бір практикалық кезең болды.

РИНАТ ИЛЮСИЗОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Мен химиямен 5-сыныптан бастап айналыстым. Өйткені бізде 5-сыныптан бастап химия сабақтары болды. Саналы түрде химияға қызығушылығым тек 8-сыныптың соңында арта түсті. Содан бері ұстазым Оксана Владимировадан көп нәрсені үйреніп, білімімді арттырып келемін

Жас химиктің айтуынша байқау оңай болмаған. Бұл орайда оның ұстазының атқарған еңбегі мен берген білімі мол екені анық.

ОКСАНА КОЛДАШЕВА, №8 ЛИЦЕЙ-МЕКТЕБІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Оқушым өте ақылды, ізденімпаз, қызығушылығы көп. Өзге де тілдерді оқып, үйреніп жүреді. Математика, физика пәндерімен айналысады. Әсіресе химия сабағы көп тәжірибе берді. Білімге әрқашан көп уақытын жұмсайды. Соның нәтижесі өз жемісін беріп келеді. Оның көп мақсаттары бар, әрі бағыты айқын

Қазір Ринат 11-сыныптың түлегі. Білім ордасын аяқтағаннан кейін, Оңтүстік Кореяда жоғары білім алмақшы.

Қымбат Садық, Анастасия Ерш