Павлодар қаласында партиялық бақылау аясында жөнделіп жатқан жолдар тексерілді. Биыл облыс орталығында 14 магистральдік көшеде 27 шақырым жол жаңартылмақ, оның сапасы жіті бақылауда дейді партия белсенділері.

 «Қазақстан» халық партиясының өкілдері Назарбаев даңғылында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Мында Естай көшесінен Ломовқа дейін асфальт төселіп жатыр. Партияның белсенділері жолдың сапасына қатысты қандай да арыз-шағым болса е-өтініш порталында өтінім қалдыруға болады дейді.

ӘЛІБЕК АҒЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Партиялық бақылау аясында жол жабындысы ауыстырылып жатқан жерге келдік. Мердігер ұйымның өкілімен, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлерімен тілдесе келе жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын байқадық. 5 см жабындысы алынып, орнына жаңа асфальт төселеді.

Аумақта алдымен фрезерлеу жүргізіліп, кейін жаңа асфальт төселеді. Мердігер компанияның шебері кепілдік мерзімі екі жыл деді. Осы уақыт ішінде жолдың сапасы сын көтермесе, қайта жөндеу жүргізіледі.

ПАВЕЛ ДВОРЦЕВОЙ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ШЕБЕРІ

Қазіргі таңда Естай көшесінен Ломов көшелеріне дейін жөнделіп жатыр. Аумақты фрезерлеу, асфальттың беткі қабатын алынып тасталды. Сосын шаң тозаңнан тазалаймыз, кейін тегістейміз. Битум құйып, асфальт төсейміз. Жұмыстарға екі жыл кепілдік беріледі, екі жылда бұл жолға ештеңе болмайды.

Биыл Павлодар қаласында жалпы ұзындығы 27 шақырым 14 негізгі көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, облыс орталығында шұңқырларды жамау қолға алынды. Жолдардың 40 шаршы метр аумағы осылайша жаңартылады.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Сондай-ақ, биыл Павлодар қаласында Саяжай шағын ауданында 9 көшеде асфальт төсеу жоспарланған. Биылғы жылы 28 көшеде жалпы ұзындығы 22 шақырым тротуар төсеу жоспарланған. Бұрын соңды тортуар болмаған, ескірген. 40 шақырымда тортуар төселді.

Одан бөлек, биыл 80 аулаішілік аумақты асфальттау, абаттандыру жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы