Қазақстанда үш апта қатарынан әлеуметтік азық-түлік бағасы арзандап, сәуірде минус 0,3 пайыздық көрсеткішке жеткен. Сауда және интергация министрлігі осындай мәлімет келтірді. Ал, Павлодар облысы делдалдық схемамен ең тиімді күресіп жатқан 5 өңірдің қатарынан көрінді.

Министрлік мәліметінше, қарақұмық, пияз, күнбағыс майы, үн, тұз бағасы тұрақты түрде төмендеп келеді. Десе де, маусымаралық кезеңде жеміс-жидек пен көкеніс бағасы қымбаттайтын дәстүр бар. Бұл биыл да байқалыпты. Билік бұның да амалын табатындықтарын айтты.

Жосықсыз бағаны жүгендеудің бір жолы делдалдармен дамылсыз күресу. Жыл басыннан бері ел бойынша жөнсіз үстеме қосқан мыңға жуық саудагер жауапкершілкке тартылыпты. Павлодар облысы делдалдық схемалармен тиімі күресе білген 5 өңірдің қатарында.

Айта кетсек, дүкен сөрлеріне баға тек 15 пайыздық үстемемен ғана шығару керек. Ал, тұрақтандыру қорының өнімдері 10 пайыз қоса саудаланады.

Жанасыл Серікбол