«Ұлы Жеңістің отшашуы астында». Дәл осындай тақырыппен балалар көркемсурет мектебінде жас суретшілердің байқауы өтті. Конкурстың нәтижесімен тілшіміз таныстырсын.

«Майдан жолы» іздестіру жасағы мен Павлодар қаласының көркемсурет мектебі серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Жалпы аталған білім ордасы осы ұйыммен екі жылдай жұмыс жасайды. Екеуара байланыс енді одан әрі беки түседі.

АЛЕКСАНДР ШИТОВ, «МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Енді жылда осындай ауқымды шараларды бірге жүргізетін боламыз. Негізі бұл мектеппен екі жыл жұмыс жасаймыз, енді бұдан да тығыз байланыс құрамыз. Мақсат оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Жалпы қаламыздың 10-нан астам білім ордасымен осындай меморандумға қол қойдық.

Сонымен қатар, балалар көркемсурет мектебінде өткен «Ұлы Жеңістің отшашуы астында» қалалық бейнелеу өнері сайысының нәтижесі жарияланды. Байқауға шаһардың 13 мектебінен 65 бала қатысқан.

ГҮЛНАР МҰХАМЕТҚАЛИНА, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл екінші рет конкурс өткіздік. 70-ке жуық балалар қатысты. Өте жақсы суреттерді салды. Екі номинация бойынша қатыстырды. Қазылар алқасы жұмыстар туралы өте жақсы пікірлер айтты. Пікірлерімен бөлісті қағаз бетінде.

10-17 жас аралығында өткен сайыста бірінші номинация сурет салу, екінші аталым ескерткіштің эскизі болды. Үздіктердің қатарында №2 мектептің оқушысы Саяжан Жасталап та бар.

САЯЖАН ЖАСТАЛАП, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №2 ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Мен кішкентай жасымнан бастап сурет саламын. Әртүрлі конкурстарға қатысты. Тырналарды салдым, сол тырналарды қайтқан солдаттармен салыстырып салдым. Бірінші орын алдым бұл конкурста.

Айта кетейік, байқау жылда өткізіледі. Осы жолы 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінен арналды.

Самал Қалиқызы