«Ертіс» футбол клубы Қазақстан екінші лигасының солтүстік-шығыс конференциясында төрт ойыннан кейін екінші орында келеді. Команданың өз алаңында өткізген кезекті ойыны туралы тілшіміз тарқатады.

4-турда «Ертіс» өз алаңында талдықорғандық «Жетісу-Жастар» командасына қарсы кездесу өткізді. Павлодарлықтардың бастапқы құрмында Баязит, Әбдуәлиев, Баркунов, Төлеуов, КрЮков, Еренғайып, Мұралинов, ПопОв, Ержанов, Смаилов және Ысқақов өнер көрсетті.

15-минутта Мейрамбек Еренғайып есепті ашуға жақын болды, алайда доп қақпа маңдайшасынан кері серпілді.

Екінші тайм барысында павлодарлық команданың бастапқы құрамы ойыншыларын Есімов, Байжанов, Құлжанов, НыркОв пен АнИщенко алмастырды.

Алғашқы таймда қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. 55-минутта қонақтар айып алаңында ереже бұзып, алаң иелері пенальти соғуға мүмкіндік алды. Оны Арман Смаилов сәтті орандады.

Ал 7 минуттан кейін Мақсұт Тагирұлы мергендік танытып, есепті теңестірді. Айта кету керек, бұл – осы маусымда павлодарлық команданың өз алаңындағы ойынында қақпаға тоғытылған алғашқы доп.

 Ойынның 70-минутында Айхан Ержанов павлодарлықтарды алға шығарды. Араға 6 минут салып, екінші таймда алаңға шыққан Руслан Есімов есепті еселей түсті. 81-минутта Бақтияр Төлеуов айырмашылықты арттырды. Кездесудің қорытынды есебі – павлодарлықтардың пайдасына 4:1.

8 мамыр 5-турда «Ертіс» орталық стадионда өскемендік «Алтай-Жастар» командасын қабылдайды. Ал әзірге Сергей Якушин шәкірттері 9 ұпаймен турнир кестесінде 2-орында.

Жұлдыз Қабылденова