Денсаулық сақтау саласының мамандары соғыс ардагерлерін алда келе жатқан жеңіс мерекесімен құттықтады. Олар күн сайын майдангерлердің денсаулығын жіті қадағалаумен қатар, мейрам қарсаңында сыйлық жасауды жөн көрген.

Соғысқа қатысып, ерлігімен танылған жандардың бірі Николай Ступка. Жеңіс күні және Қазақстанның қарулы күштері күні қарсаңында 96 жасқа толады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң ел қатарлы қарапайым еңбек еткен. Павлодар қаласында 1955 жылдан бері тұрады.

НИКОЛАЙ СТУПКА, СОҒЫС АРДАГЕРІ

Елу бесінші жылы Павлодар қаласына механиктер қажет деп мені осында жіберді. ОЛ уақытта комбани заутыты жұмыс істейтін. Соған келдім. Содан бері бір кәсіпорында табан аудармай 32 жыл еңбек еттім.

Павлодар қаласында тұратын 6 ардагердің бірі Николай Поддубныйдың жасы 98 де. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл майдангердің де табалдырығын аттап, бейбіт күн үшін алғыстарын айтты.

Павлодар облысы бойынша 7 соғыс ардагері ортамызда. Олардың алтауы Павлодар қаласында біреуі Ақсу ауылдық аймағында.

Павлодар облысынан екінші дүние жүзілік соғысқа 40 мыңнан астам адам аттанған. Биыл жеңіс туының тігілгеніне 79 жыл толады.

Жанасыл Серікбол