Су тасқыны басқан өңірлерде қауырт жұмыс жалғасып жатыр. Азаматтық қорғау қызметі мен еріктілер апатты жою және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі таңда 24 496 адам өз үйлеріне оралды, 3840 бала эвакуциялау пункттеріне жайғасқан. 4680 тұрғын үй мен 2774 аула аумағында су бағыты бұрылып, 11,5 млннан астам текше метр еріген қар суы сорылған. Сондай-ақ, 5,3 млн қапшық, 1, 5 млннан астам инертті материал төселді.

Қазір негізгі қауып Жайық өзенінен келуде. Сондықтан, өзеннің су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізіледі. Қосымша күштер қазір Орал қаласы маңына топтасып, әр түрлі учаскелер бойынша жұмыс жүргізуде.

Азаматтарға арналған жедел желі телефоны да дамылсыз. Жиыны 2132 қоңырау түскен. Жалпы апаттық құтқару жұмыстарына 34 мыңға жуық адам, 5 мыңға жуық техника ат салысуда. Ал, алдағы ауа райы құбылмалы.

Төтеншеліктер апат кезінде азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Қымбат Садық