Бүгіннен бастап жылыту маусымы аяқталды. Енді облыс орталығында жылу желілерінде сынақ жұмыстары басталады. Сонымен қатар, бірқатар жөндеу жұмыстары да жоспарланған.

Қыс қатал өңірдің тұрғындарын жылыту кезеңі қашан да алаңдатпай қоймайды. Оның үстіне желілердің тозуы деңгейі жоғарлап, тұрғындардың алаңына сары уайым қосты. Тек, Екібастұз апатынан соң ауқымды жобалар іске асады бастады. Биыл жылыту маусымы штаттық режимде өтті деген спикер, бүгіннен бастап жылу беру тоқтатылғандығын айтты.

Гидравикалық сынақтар Павлодарда 22- сәуір, Екібастұзда 25-сәуір, Ақсуда 13-мамыр күні басталады. Сонымен қатар, биыл 39 негізгі энергия құрылғысы, 40 шақырым жылу желісі жөнделеді. 542 білім, 317 денсаулық сақтау, 305 мәдениет үйінің, 2231 көпқабатты тұрғынүйдің қазандықтары ретке келтіріледі. Жөндеу жұмыстары былтыр да осы шамада жүргізілген.

Сонымен қатар, Екібастұзда 10 бірлік энегергия көзі, 10 шақырым жылу желісі жөнделеді деп жоспарланған.

Жанасыл Серікбол