Облыс орталығында жолдар қарқынды жөнделіп жатыр. Осы мақсатта кейбір көшелер жабылып, көлік қозғалыстары да тоқтады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Жол – сапалы болуы тиіс. Сондықтан, қазір қаламыздағы жолдарда шұңқырлар қарқынды түрде жамалып жатыр. Мұндай жұмыстар барысында бірқатар көшелер жабылып, қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгерді.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Толстой көшесі мен Циолковский көшесі аралығындағы «БатырМолл» сауда орталығына кіретін бөлік жабық қазіргі уақытта. Бірақ, Қамзин көшесі бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Назарбаев даңғылы бойында Толстой көшесі мен Естай көшесі осы жексенбі күнінен жабық, қазір жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бүгін, яғни, 22 сәуір күні кешкі сегізде ашылуы тиіс. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әрі өздерінің жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Алдағы уақытта Назарбаев даңғылы бойында бірқатар жұмыстар атқарылады. Мұндай шаралар барысында қалада көлік қозғалысы қиындап, кептеліс туғызады. Сондықтан қала тұрғындары жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ескерген жөн.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Жол жөндеу жұмыстары кезінде әсіресе қаланың негізгі көшелерінде кептелістің болатыны анық. Сондықтан осындай қолайсыздықтар уақытша туындап тұрады. Алдағы уақытта Назарбаев даңғылы бойымен жұмыстар жалғастырылады. Өйткені ол орташа жол жөндеуден өтіп жатыр. Осыған байланысты белгілі бір бөліктерде уақытша жол қозғалысы тоқталып тұратын болады

Еске сала кетейік, мұндай жұмыстар барысында автобус бағыттары да өзгеріп, басқа көшелерге ауыстырылған. Ескертулер алдын ала қалалық әкімдік пен ТҮКШ бөлімінің инстаграмм парақшаларына жарияланған.

Қымбат Садық