Павлодарда қоғам үшін маңызды талқылау өтті. Онда пайдаланылған ядролық отын қоймасының ауқымын одан әрі кеңейту мәселесі талқыланды.

Павлодар облысының тұрғындары Май ауданында орналасқан «Байкал-1» ғылыми-зерттеу кешенінен алынған ядролық отынды ұзақ мерзімге сақтайтын қойма салу мәселесі бойынша көпшілік тыңдауда өз ойларын білдірді. Бұл отын 1980 жылдардан бері алынып, осыған дейін кешен аумағындағы аралық қоймада сақталып келген. Дегенмен, қауіпсіздікті арттыру үшін Май ауданы аумағында арнайы қойма салу жоспарлануда. Ұлттық ядролық орталығының өкілдері қойманың қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға және жануарлар әлеміне қаупі жоқ екендігін айтады. Алайда, тұрғындар тарапынан алаңадаушылық мол.

СВЕТЛАНА МОГИЛЮК, «ЭКОМ» ҚБ ТҚРАҒАСЫ

Елу жыл өткен соң не болатындығына болжамыңыз бар ма? Бұл біз үшін өте маңызды. Біз бұған дейін сынаптан уланып, жапа шеккенбіз. Реактор кешені басқа облыста орналасқан. Ал, қалдықтарды сақтау қоймасын бізіңд ауданған салмашысыздар