Өңірде жыл басынан балалардың қатысуымен 36 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 40 бала түрлі дене жарақатын алған. Жазатайым оқиғалардың басты себебі-көлік жүргізушілерінің және балалардың жол ережелерін сақтамауынан орын алады дейді тәртіп сақшылары.

Күн жылынумымен, балалар арасында жарақат алу жағдайы жиілеп кетті. Балғындардың тебетін самокат, велосипед құралдарын дұрыс пайдаланбауы арты өкінішке әкелетін оқиғаларға әкелуі мүмкін. Осы орайда полиция қызметкерлері жол ережелерін қатаң жүргізуге шақырады.

АБЫЛАЙХАН АЛПЫСБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЖПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Көбінесе балалар жүріс бөлігін рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын жүретін көліктің алдында өтеді, сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережелерін бұзу орын алады.

Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережесі көлік ішінде қауіпсіздік белдігін үнемі тағып жүруді талап етеді. Құрылғы жолаушының өмірін апаттан 50%-ға құтқарады. Сондықтан, ата-аналар балаларға күнделікті жол кауіпсіздігі ережелері туралы айтып жүрген жөн.

Әйгерім Тоқпанқызы