Павлодар облысында «Қару» алдын алу шарасы басталды. Науқан мақсаты ішкі істер органдарында тіркелген атыс қаруының ұрлануының алдын алу, оларды қолдану арқылы жасалатын қылмысқа жол бермеу, сондай-ақ заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды пайдалануға байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында аймақта сыйақы төленумен қару қабылдау басталды. Қаруды өз еркімен тапсыруға ниетті тұрғындар полиция бөліміне жүгінген жөн.

БОРИС ӘЛІМБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдын 22 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында заңсыз сақталған заттарды халықтан сатып алу бойынша акция өткізілуде . Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы белгіленеді.

Автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал жарылғыш заттарды тапсырғандар жеті айлық көрсеткіш көлемінде сыйақы ала алады. Айта кетейік, өз еркімен қару тапсырған азаматтар үшін Үкімет 4 млн теңге қаржы бөліп отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы