Өрт сөндірушілер Павлодар қаласының бау-бақша шаруашылығында рейдтер жүргізді. Сондай-ақ басқарма мамандары тұрғындарға жадынамалар таратты. Құрғақ шөптер мен жапырақтарды жағу ережелері түсіндіріліп аумақты және оның маңын құрғақ өсімдіктерден тазарту бойынша ұсыныстар айтты. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 5 бағбан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сағыныш Жасқайрат