Павлодар облысында 5 спортшы олимпиадаға лицензия алуға үміткер. Олардың қатарында велоспортшы, жеңіл атлетшілер бар. Осы және спортқа қатысты басқа да ақпарат жайлы келесі сюжетте.

Павлодар облысында биыл бірқатар спорт нысандары жөнделіп қалыпқа келтіріледі. Оның қатарында Ақсу қаласындағы Мұз аренасы мен 11 дене шынықтыру спорт кешені бар.

ӘСЕЛ ҚОЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қазіргі уақытта Баянауыл ауылында бассеині бар дене шынықтыру сауықтыру кешен салынып жатыр. Сондай ақ тағы жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Бұл Ақсу қаласында, Аққулы және Успен ауданында. Сондай-ақ, Шарбақты ауданында жобалық сметалық құжат жасалып жатыр. Қаржыландырудың тоқтағанына байланысты, биыл қосымша ештеңе салынбайды.

Футбол тақырыбына келсек, павлодарлық «Ертіс» футбол командасы биыл жаңғырып қайта жұмыс бастағанын білеміз. Ол екінші лигадан ойынды бастады. Жанкүйерлер ертіс командасы Премьер лигаға шығады деп сеніп отыр.

НҰРЛАН ЕСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бізде қазір 3 футбол клубы бар. Ертіс, Екібастұз, Ақсу. Әр командаға 300 млн теңгедей қаражат бөлініп отыр. Екібастұз футбол командасы жанында футбол орталығы бар, 4 жасты қамтиды. Онда мемлекеттік сатып алулар болып, келісімшартта 53 млн теңге деп бекітілді. Сондай ақ тағы бір футбол орталығы бар, оны қаржыландыруға 411 бөлінді. Онда топтар көп, қыздар да дайындалады.

Сондай-ақ, биыл Ақсу қаласындағы алаңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дайындық жұмыстары басталып кетті. Толығымен жабынды, жүгіру жолағы ауыстырылады.

НҰРЛАН ЕСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бізде қазір Солтанова Рината бар велоспорттан. Бутолина Виктория бұл батутты гимнастика, екі жеңіл атлетші Сафронова Ольга, Залюбовская Александра. 4 спортшы лицензия алуға дайындалып жатыр. Параолимпиадалық спорт түрлерінен де олимпиадаға шыққысы келетін спортшылар бар. Осылайша 5 адам бар біздің облыста лицензия күтіп отыр.

Одан бөлек, арт спортқа биыл Павлодар облысына 2 млрд теңге бөлінді. 14 мың адамды арт спортпен қамту жоспарланып отыр. Былтыр 81, биыл 118 қызмет көрсетуші тіркелді. «Бір ваучер бір бала» жүйесі сақталады, деді басқармада.

Самал Қалиқызы