Павлодарда 82 жастағы шебер өз туындыларымен көпті тәнті етіп жүр. Оның барлық қолынан шыққан заттары сұранысқа ие. Ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген ақсақалмен жүздесіп қайтқан тілші әңгімесінде.

82 жастағы Тоқтар Баймұхаметұлы ағаштан түйін түйіп, түрлі бұйым жасайды. Бала кезінен әкесінің қасында жүріп қолөнердің қыр-сырын меңгерген. Қолына тиген ағаш әп-сәтте осындай әдемі затқа айналып шыға келеді.

ТОҚТАР КӨБІКБАЕВ, АҒАШ ШЕБЕРІ

Біреу қызығады, алғысы келеді. Маған жасап берші деп. Қасықтан басталды ғой. Қасықтан кейін ожау істедім. Ожаудан кейін қымыз құятын ожау. Тостахан дейді. Одан кейін табаққа кірістік. Сүйтіп сүйтіп дами берді бұл.

Қазір қария бар білгенін балаларына үйретуде. Ұлдары ағаш, сүйек пен теріден әр алуан бұйым, сондай-ақ ат әбзелдерін әзірлейді. Немере шөберелері де қолөнерден алыс емес.

ТОҚТАР КӨБІКБАЕВ, АҒАШ ШЕБЕРІ

Әкесінен көрген нәрсесін олар да істеп дамытты. Ең үлкен ұлым Серік. Өзі художник балам. Одан кейін дизайнерлікті бітірді. Содан кейін ол да көріп өскен нәрселерін жасй бастады. Ойластырып.

  Тоқтар Көбікбаевтың тұңғышы Серік сиырдың асығына ою салады. Оны қайнатқан кезде көз тартар бұйымға айналады. Шебердің айтуынша, әр заттың өзіне жасырылған оюы бар. Көкірек көзі ашық шеберлер оны тап басып таниды. Әулет мүшелері осылайша ата кәсіпті түрлі бағытта жаңғыртып жүр.

Байтұрсын Жұмабай