Сын сағатта ел боп тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек толассыз көрсетіліп жатыр. Осы ретте кәсіпкер, еріктілермен қатар мешіт жамағаты да қол қусырып отырған жоқ. Бұл жолы Петропавл қаласына 60 тонна көмек жіберілді.

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы мен «Зекет және қайырымдылық қоры» бастамасымен Павлодар облысынан Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бар-жоғы 3-4 күннің ішінде мешіт жамағаты 3 фура, яғни 60 тоннадай көмек жинаған. Облыстың бас имамы жерлестеріміз үндеуге бей-жай қарамай бірден қолұшын берді дейді. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажет бұзылмайтын азық түлік, ыдыстар мен шаруашылыққа қажетті заттар жіберілді.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ҚМДБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМ

Біздер енді осы «Қайырымдылық керуені» акциясын басғана едік, 4 күннің ішінде бізге жиналды. Біз бұл акцияны бастаған кезде Солт.үстік Қазақстан имамдарымен ақылдастық. Көрпе жастық, азық түлік, бір рет қолданатын ыдыс табақтар, шаруашылыққа қажетті болған заттар деді. Міне үш фура көмек жиналды.

Айта кетейік, осыған дейін мешіт жамағаты гуманитарлық көмекті Атырау облысына жіберген еді.

Самал Қалиқызы