Еліміздің кей өңірлерінде жағдай әлі күрделі. Қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында топан сумен күресу жалғасып жатыр.
Бүгінгі таңда 25324 адам өз үйлеріне оралды, 3832 бала қауіпсіз жерге көшірілді. 4738 тұрғын үй мен 2774 аула аумағында су бағыты бұрылып, 11,6 млннан астам текше метр еріген қар суы сорылған.
Жедел желі арқылы 2 мыңнан аса қоңырау түсті. Құтқару жұмыстарына 32 мың адам, 5 мыңға жуық техника, 806 су сору құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды. Бүгінде Ақтөбе облысының 6 ауданында төтенше жағдай режимі сақталған.
ГҮЛБАҒДА КӨБЕЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Көктемгі су тасқынына байланысты облысымыздың 6 ауданында Ақтөбе қаласында төтенше жағдай табиғи сипатта режимі әлі де сақталуда. Қазір Ырғыз ауданында суға қарсы шаралар атқарылып жатыр. Бұл жақта 81 үйді су басқан еді.
Айта кетейік, топан судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. Ақтөбе облысында 1966 адам бір ретттік әлеуметтік төлем алған. Топан су салдарынан 2451 зардап шекті.
Әйгерім Тоқпанқызы