Облыстың бірінші тоқсандағы макроэкономикалық көрсеткіші оң динамикаға ие. Ел бойынша көш бастап тұр. Енді бұл жетістікті сақтап қалу үшін жұмыс істеу керек деді аймақ басшысы облыстық аппарат жиынында.

Апараттық жиынның шымылдығы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назачуктың баяндамасымен ашылды. Ол облыстың алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыс көрсеткіштерін тізбелеп айтып берді. Мәселен, өнеркәсіп 106 пайызға, ауыл шаруашығы 101 пайызға өсіпті. 139 млрд теңге инвестициа тартылып, бұл саладағы көрсеткіш 118 пайызға жеткен. Сонымен қатар, құрылыс, тұрғынүй, ішкі сауда, байланыс, көлік және қоймалау салаларында да ілгерілеушілік бар.

ИРИНА НАЗАРЧУК, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Павлодар, Ақсу, Екібасұз қалалары мен Павлодар ауданы барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті. Ал, Ақтоғай, Аққулы, Успен, Шарбақты аудандары 5 көрсеткіш бойынша. Железин, Ертіс, Тереңкөл аудандары үш бағыт бойынша оң нәтижеде

Иә, жиырма төртінші жылдың алғашы айларындағы көрсеткішке көңіл толады. Бұл – жалпы облыс бойынша жеткен жетістік. Ал, аудандар бойынша санамалсақ кейбір сала бойынша нақты нәтижеге қол жеткізе алмағандары бар.

Ал, облыстың бюджет кірісі 6 млрд теңгеге асыра орындалған. Негізгі түсімдер жеке, корпортивті табыс, әлеуметтік, көлік құралдарына салынатын салықтардан түскен.

Жиында халықты жұмыспен қамтудың қамында атқарылып жатқан жұмыстар легі де таныстырылды. Ведмоства басшысы нысаналы көрсеткіштерге көп көңіл бөлудеміз деді. «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орыны» бастамасы бойынша биыл 7 400 ден астам жұмыс орыны құрылуы керек. Қазір оның 1400 ден астамы іске асқандығын айтты.

Облыс әкімі ауылды мекендерде жұмыспен қамту көрсеткіштерінің төмен екендігін айтты.

Ал, аудан әкімдері жаңа жұмыс орындары алдағы уақытта ашамыз деп есеп берді. Бұл бағытта тыңғылықты жоспарлары бар екендігін айтты.

Жанасыл Серікбол