Шыбын шіркейдің дернәсілдерін улау жұмыстары басталып кетті. Қала бойынша жертөлелер өңделді. Енді мониторингтер топ жайылымды жерлерді зерттеп жатыр. Бұл туралы облыс басшысымен өткен жиында айтылды.

Сәуір айының басында дернәсілдерді улайтын биопрепарат әзірленді. Жалпы көлемі 130 литрді құрайды. Бұл Павлодар пен Ақсудың 77 мың гектар аумағын әуден өңдеу үшін дайындалды. Ғылыми топпен Ертіс өзенінде шыбын шіркей дернәсілдерінің пайда болуын зерттейтін мониторингтік топ жұмыс жүргізіп жатыр.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

16 Сәуірде судың температурасы 10-12 градусты көрсетті. Ал, 20-21 сәуірде су температурасы 18-22 градусқа жетті. Мониторинг жұмысы кезінде 19 сәуірде Заря ауылында алғашқы дернәсілдердің бары анықталды. Яғни бірінші деңгейдегі 1 дернәсіл тіркелді. Ал 20-21 сәуірде Май ауданында, Павлодар ауданында, Ақсу, Ақтоғай, Тереңкөлде дәрнәсілдер көптеп байқала бастады. Аталмыш сұрақ бақылауда.

Аудандарда мердігер ұйымдар анықталды. Суда өңдеудің мерзімі белгілі болды. 16-17 мамырда өзеңде дезинсекциялаудың алғашқы кезеңі басталады.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өздеріңіз білесіздер Шүлбіден келетін су максималды азайтылды. 3500-нан секундына 3200 текше метрге қысқартылды. Бұл Семей қаласындағы жағдаймен байланысты. Осылайша келген судың көлемі 6000 текше метр секундына жетеді, жайылымның 70 пайызын су басады деп күтіліп отыр.

Осылайша жайылымды аймақтарды өңдеудің көлемі мен кезеңі анықталады. Өңір басшысы 2022-2023 жылдары жүргізілген жұмыстарды жалғастыру керек дейді

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір сіздердің басқармаларыңыз бен ғылыми топтарыңыз, мердігерлер тәулік бойы жұмыс режиіміне көшу керек. Бос киім кию керек. Өйткені мына науқан қиын кезең. Керек материалдар болса тез арада көмек сұрайсыздар.

Осы ретте облыс басшысы ауыл, елдімекен белсенділерін жасалып жатқан жұмыстармен ақпараттандыру жағын да айтып өтті.

Самал Қалиқызы