Алда көктемгі егіс жұмыстары келе жатыр. Шаруалар техникасын сайлап, тұқымдарын дайындауда. Облыстық аппарат жиынында дайындық барысы толығырақ айтылды.

Былтыр қуаңшылық болды. Егіс қаласы қурап, шаруалар шығынға ұшырады. Сондықтан, биыл диқандарды қолдау шаралары жан-жақты қамтылуда. Мемлекет бьасшысы да ауыл шаруашылығы тауарларының өнімін екі есеге арттыруды тапсырғаны белгілі. Сондықтан, бұл тұрғыда босаңсуға жол жоқ.

Биыл күнбағыс, жасымық, қарақұмық алқаптары ұлғаяды. Сонымен қатар, жем-шөп алқабы 12 мың гектарға қседі. Жалпы, дәнді дақыл, картоп пен көкеніс алқаптары облыс тұрғындарын толықтай қамтамасыз етуге жоспарланған.

Келесі маңызды мәселе - тыңайтқыш. Қазір мүмкіндігі жоқ шаруалар үшін аванстық субсидиямен бірге бөліп төлеу жолы арқылы да минералды тыңайтқыштар ұсынылуда. Егістік жұмыстары мамыр айы табалдырық аттасымен басталады. Әуелі картоп, 15-мамырдан бастап астық егіле бастайды. Жалпы, 3-маусымға дейін дала жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Аймақ басшысы, әуелі техникаларды тұқым себуге дайындауды тапсырды.

Егіс жұмыстарын сапалы атқару үшін ауа райын болжау да маңызды. Бұл тұрғыда «Қазгидрометтің» облыстық филиалы шаруалармен тығыз байланыс орнатқан.

Жанасыл Серікбол