Павлодар облысында Май аудандық соты таратылады. Аудан орталығында тек өтініштерді және құжаттарды қабылдау қызметі ғана болады.

Ақсуда ауданаралық сот құрылады. Осылайша Май ауданының тұрғындары да сол сотқа жүгінеді. «Май аудандық сотының әкімшілік ғимаратында құжаттарды, апелляциялық шағымдар мен арыздарды қабылдау және беру кабинеті, сондай-ақ процеске онлайн режимде қатысуға арналған сот залдары болады», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі. Ал, жаңа соттың құрылатын күні әлі жарияланған жоқ.