Өңірде көлік салығын 28 мың адам төлемеген. Берешек көлемі 1 млрд теңгеден асады. Бұдан бөлек төлемеген әр күн үшін көлік иелеріне өсімпұл тағайындалады. Оған сот орындаушылардың қосымша қызметі үшін төленетін ақшаны қосыңыз. Сондықтан артық қаражат төлемеу үшін салықты уақытылы төлеу керек дейді, салық қызметкерлері.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша салық төлеу мерзімі аяқталды. Бірақ Павлодар облысында 60 мыңға жуық адам салық төлеуге асықпайтын көрінеді. Себебі, берешек көлемі 1 млрд теңгеден асып кетті.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бүгінгі күні 59 мыңнан астам адамның жергілікті салықтары бойынша 1 млрд 200 млн теңгеден асады. Оның ішінде көлік құралдарына салынатын салық 28 мыңнан астам салық төлеуші 1 млрд 130 млн теңгеден астам берешегі бар. Мүлік салығы 75 млн теңге берешектері бар. 2 млрд 480 млн теңге жуық төленді.

Осылайша үш айдың ішінде бюджетке 2 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Мүлік салығы бойынша 50 млн теңге төленген. Ал, көлік салығынан жалтарып жүрген азаматтарға өсімпұл тағайындалады. Жол полицейлері арнайы рейдте ұйымдастырып жатыр.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Берешекпен жұмыс жүргізу кезінде 52 рейд жүргізілді. Оның нәтижесінде салық бойынша 30 мың теңгеден астам 15 млн теңге төледі. Сонымен қатар, жеке сот орындаушылар палатасы бойынша 20 млн теңге өндірілді.

Қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларда 184 млн теңге сомасында 2 мыңнан астам салық төлеуші бойынша бұйрық бар. Осы ретте мемлекеттік кірістер департаменті өсімпұл төлемеу үшін салықты уақытылы төлеуге шақырады.

Самал Қалиқызы