Павлодар облысында 6 адамды кене шаққан. Олар медициналық мамандарға жүгініп, тиісті көмек алды. Осы ретте эпидемиологтар қауіп барын айтып, абай болуға шақырады.

Павлодар облысына кене жәндігі былтырғыдан ертерек келуі мүмкін, себебі күн жылынып келеді. Былтыр 90-нан астам адамды кене шағып, медициналық мекемеге жүгінген. Бірақ өңірде кене энцефалиті тіркелген жоқ дейді мамандар. Өйткені облыстың өрмекшітәрізділері қауіпті емес көрінеді.

САЛТАНАТ НАУРЫЗБАЕВА, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Күн жылынып келеді ғой. Қазір кененің шағудың жағдайлары тіркеле бастады. Бүгінгі күні 6 өтініш келіп түсті. Былтыр мысалы 98 өтініш болған еді. Адамдар көбінесе медициналық өкмекке жүггінбей өздігінен емделген болатын. Кене энцефалитін жұқтыратын кенелер жоқ біздің аймақта.

Кене энцефалиті Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тіркеледі. Кене шағудың алдын алу үшін мамандар далаға, табиғат аясына шығарда барынша бастан аяқ жабық киінген дұрыс дейді.Әсіресе балаларға абай болған жөн.

Самал Қалиқызы