21-мен 27 сәуір аралығында Павлодарда Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Науқан ұлт саулығын қамтамасыз етудің маңызды жолы болмақ. Тілші әңгімесінде.

Еуропалық иммундау науқанынының халықты жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыруға, екпеден бас тарту мәселесіне назар аударуға, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін маңыздылығы зор. Профилактикалық екпелер 21 инфекциялық сырқаттанушылыққа қарсы вакциналауды көздейтін Ұлттық екпе күнтізбесі шеңберінде тегін жүргізіледі. Мәселен, биыл елімізде 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салу жоспарланған.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Вакцинация балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. Тек осы шара емдеуге жауап бермейтін немесе өте қиын аурулардың алдын-алудың жалғыз құралы болып табылады. Кішкентай бала үшін вакцинация маңызды, өйткені оның денесі әртүрлі инфекцияларға өте осал келеді. Егер анасы уақтылы егілген болса немесе қандай да бір ауруға шалдыққан болса, онда баланың өмірінің алғашқы айларында аналық антиденелер әлі де қорғалуы мүмкін, бірақ содан кейін қорғаныс әлсірейді және бұл жерде алдын алу вакцинациясыз ештеңе жасай алмайсыз. Сондықтан вакцинацияны егу күнтізбесіне сәйкес ерте жастан бастау керек

Өңірде вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылық бойынша тұрақты жағдай байқалмайды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап облыста қызылшаның 1884 жағдайы, биылғы– 1280 жағдай анықталды. Әрі 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 52 жағдайы тіркеліпті.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда вакцинация деңгейінің төмендеуі алаңдаушылық туғызып отыр. Денсаулық сақтаудың басым бағыты – халықты иммундаумен қамтамасыз етуге, балаларға екпе салуға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан, уақытылы жоспарға сай екпе салу керек, жақындарыңыздың денсаулығын сақтауда маңызы зор

Қоғамда «Вакцинадан бас тарту» деп аталатын мәселе де туындайтыны анық. Бұл кейбір ата-аналардың мифтер мен жалған ақпаратқа негізделген иммундауға деген сенімсіздігінің артуына әкеп соғады. Жауапты сала мамандары әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенбеуді айтады.

АҚМАРАЛ ҚОЖАНОВА, «СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Еуропалық иммундау апталығы өте маңызды. Өйткені, соңғы 50 жылда екпе әлем бойынша миллиардтан астам адамның өмірін сақтап қалды деп айтуға болады. Және түрлі мифтер мен жалған ақпарттарға сенбеген жөн. Өкінішке қарай пандемия кезінде көп халық түрлі хабарламаларды естіп, вакцина алуға деген сенімсіздік жоғарлады. Мәселен, Павлодарда соңғы уақытта ата-ана тарапынан балаға екпе алудан бас тарту көбейген. Оның бәрі жалған ақпараттыр естіп алғаннан туындайды, сондықтан сақ болған жөн. Кез келген екпе ол түрлі аурудын алдын алады, әрі қауіпсіз.

Еуропалық иммундау апталығы вакциналар арқылы алдын алуға болатын түрлі аурулардан қорғайды. Айта кетейік, вакциналар туралы сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан, немесе 7701 сенім телефоны арқылы алуға болады.

Қымбат Садық