Қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында құтқарушылар топан сумен күресіп жатыр. Бүгінгі ахуалы жөнінде тілші әңгімелейді.

Бұл аймақтарда су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ.

АСҚАР ШӘРІП, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ

Қазіргі уақытта республика бойынша Осы сағатта республика бойынша 31 938 адам өз үйлеріне оралды. 5 682 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Жедел желі телефонына 2 213 қоңырау келіп түсті. Жедел желі телефонына 2 213 қоңырау келіп түсті.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мың адам, 4 мыңға жуық техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды. Ресей Федерациясының Иректі су қоймасынан жіберілген су еліміздің аумағы арқылы өтеді. Тасқын судің үлкен көлемі Жайық өзенінің арнасы бойынша Орал қаласы арқылы өтеді.

МӨЛДІР ӘБДУАЛИЕВА, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Орал қаласындағы Жайық өзінінің деңгейі 863 см ол бір тәулікте 1 см төмендеді. Мамандар РФ Орынбор және су қызметтерімен үнемі ақпарат алмасады. Қазіргі уақытта тасқын суды ұтымды пайдалану және лимандарға көлдерге ..... механикалық тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Сергеев су торабының жағалауын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Әйгерім Тоқпанқызы