Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласындағы бірнеше балабақшаны аралады. Олардың жоғары сапада жөндеуден, ренавациядан өткеннен кейінгі мүмкіндіктерімен танысты.

Аймақ басшысы алдымен номері бесінші сәбилер бақшасында болды. Былтыр ренавациядан өткен үш сәбилер бақшасының бірі. Жөндеу жұмыстары аясында сыртқы жұмыстардан бастап, ішкі әрлеу, абаттандыру шаралары да атқарылған.

Облыс орталығындағы номері қырық екінші балабақша да жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Бұл балабақшадағы жұмыс 4 айға созылды. Жалпы 566 млн теңге жұмсалған. Бұнда қазір 240 қа жуық бала тәрбие алып жатыр. Сондай-ақ, сексен екінші балабақша да ренавациядан өткен. Бұнда көру қабілеті нашар балалар тәрбие алады. Жөндеу аясында бүлдіршіндерге қажетті құралдармен толықтырылды.

Бұндай деңгейдегі күрделі жөндеу алғаш рет өтті. Ал, алдағы уақытта тағы екі мектепке дейінгі білім беру мекемесін ренавациядан өткізу жоспарда бар.

Жанасыл Серікбол