Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы жақында басталмақ. Қазір судың жайылымды жерлерді басуына байланысты біраз жұмыстар тоқтап тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.

Павлодар облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асады. Биыл жалпы ұзындығы 600 шақырым болатын 194 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

ИННА БЕИМ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А

Ірі жобалардың бірі Грэс 1- Басқамыс бағытындағы тасжол күрделі жөндеуден өтеді. Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданын қосатын жол бұл. Одан бөлек, Железин-Веселая Роща, Мыңкөл бағытындағы жол да жөндеуден өтеді. Баянауыл ауданында екі жол учаскісі қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ облыстық маңыздағы 5 жол да биыл асфальтталады.

Павлодар облысының республикалық маңыздағы жолдары елімізде үздік үштікке енеді, дейді қазавтожолдықтар. Жол сапасын жақсарту мақсатында биыл да бірнеше ірі жобалар қолға алынбақ. Алғашқысы ірі көпірдің құрылысы.

АЛМАТ ШОЙЫНБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

5 Ертіс өзенінен өтетін 1381 шақырымда көпір салу болып табылады. Бүгінгі таңда барлық құжаттар мердігер компанияға берілді. Шартқа қол қойылды. Шекараларды қоршау, базаларды алып келу басталды. Ертіс өзенінің арнасы көтерілуіне байланысты жұмыс тоқтап тұр. Су қалыпқа түскеннен кейін мердігер компания жұмысқа кіріседі.

Бұдан бөлек, үш аумаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Алғашқысы, Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Ақжар-Курчатов бағытының 195-216 шақырымында болады. 24 шақырым жер жөнделеді. Қазір жұмыстар басталып кетті.

АЛМАТ ШОЙЫНБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қалқаман Баянауыл Үміткер 100-105 шақырымында жұмыстар толықтай аяқталды. Маусымда тапсырылады. Атамекен-Русская поляна бағыты. Мердігер компания анықталды. Биылғы жылға қаражат қарастырылған.

Одан бөлек, 3 нысан орташа жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайды. Әзірге конкурстық рәсімдер өтіп жатыр. Сондай-ақ, былтыр басталған екі жоба биыл жалғасады.

Самал Қалиқызы