Елімізде көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді дайындау ережелері өзгерді. Жаңашылдық туралы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында айтты.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік құралдарын тіркеу кезінде міндетті түрде автокөлікті сату-сатып алу туралы келісімшарттың нотариалдық куәлігін көрсету міндеттеледі. Келісімшарттың қағаз түрдегі формасы жойылды.

ДҮРИЯ ЯХШАЛИКОВА, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-НЫҢ МАМАНЫ

Көлік құралын тіркеу және жүргізулерді даялау қағидалары өзгерді. Егер азаматтар қайта тіркеуді көлікті сатып алу немесе сатуды нотариалдық куәландырғысы келмеген жағдайда олар екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады.

Одан бөлек, енді жүргізуші куәлігін алғысы келетін үміткерлер автомектепті аяқтағаннан кейін ғана емтихан тапсырады. Бұрынғыдай А мен Б, А1 мен Б1 санатындағы куәлікті алғысы келетін азаматтар өз дайындығымен келе алмайды.

ДҮРИЯ ЯХШАЛИКОВА, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-НЫҢ МАМАНЫ

Сонымен қатар 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алатын үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады

Бұл жол көлік қозғалысының максималды түрде қауіпсіз және әкімшілік процесстердің тиімділігін жоғарылату мақсатында қажет, дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті. Жалпы қағидаға 53 өзгеріс енгізілген.

Самал Қалиқызы, Дария Жумабекова