Өңірде мамырдың 15-іне дейін ел аумағы бойынша «Ақбөкен» алдын алу іс шарасы өтеді. Бұл күндері тәртіп сақшылары табиғатты қорғау инспекторларымен рейд өткізіп, кезекшілік жүргізеді. Асыл тұқымды киік атқаны үшін қандай жаза қарастырылған? Тілші әңгімесінде.

Жауапты мамандар ерекше қорғалатын Екібастұз, Ақсу, Баянауыл мен Май аудандарында кезекшілік жасамақ. Ақбөкендер Қазақстанның қызыл кітабына енгізілмеген. Алайда сиреп бара жатқандықтан аулауға толық тыйым салынған аңдардың бірі. Қасиетті аңды атқандарға 7 млнға дейін айыппұл сондай-ақ, қылмыстық жаза қарастырылған.

ДӘУРЕН ҚАБЫШЕВ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

Акция барысында ақбөкендерді заңсыз аулау және айналымын анықтау және рейдтік шаралар жүргізілетін болады. Сонымен қатар жыл басынан полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзуының 204 фактісін анықтаған.

Былтыр Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Қарағанды өңірлерінде киіктің көбеюі шаруаларға зиян тигізеді деген уәж айтылған. Санын реттеу жүргізілген. Сәуір айында Мемлекет басшысы Қостанай өңіріндегі сапары кезінде ақбөкендерді атуға толық тыйым салынатынын мәлімдеген болатын.

Әйгерім Тоқпанқызы