Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Оған өңірдің студент жастарының өлеңдері енді.

 «Ертіс толқыны». Ертістің бойында жыр жазып, қалам тербеп жүрген жас буынның сырлы өлеңдер жинағы. Жиыны 20 ға жуық жас ақынның өлеңдері енген.

ҚАРАҚАТ ҒАЙБИРАН, ЖАС АҚЫН

Шоқтығы биік Шоң би» кітабына өлеңім енген. «Найзатас» журналына да өлеңім шықты. Бұл өлең бойынша үшінші кітап. Жеке жинақ шығару арманым. Сондай мақсатым бар. Өлеңді көп жазып тұрам. Мүшайраларға сондай жерлерге

АБЗАЛ РЫМБЕК, ЖАС АҚЫН

Қазір өңірімізде жас ақындардың танылуы өте қиын. Сондықтан, осындай жинақтың шығып жатқанына қуаныштымыз. Осы арқылы жас ақындар таныла түседі деген ойдамын негізі

Кітаптың тұсаукесер шарасына аға буын өкілдері келді. Алғашқы қадамдарына, өнер жолындағы сапарларына сәттілік тіледі.

ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, АҚЫН, АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ

Қайсыарыңның да жүректерің үлпілдеп отырғанын сеземін. Ертең біз де үлкен ақын болсақ деген армандарың бар. Сендерге тілерім әрмен қарай жазыңыздар! Ізденіңіздер, кітапты көп оқыңыздар

Шара соңында жас ақындар өздерінің жыр шумақтарын оқып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Жанасыл Серікбол