Павлодар техникалық сервис колледжінде «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» тақырыбында ««Ворлскилс PAVLODAR-2024» өңірлік чемпионаты басталды. Облыстың 14 білім мекемесінің студенттері техникалық шеберлігін жан-жақты көрсету үшін бақ сынайды.

 «Ворлскилс» чемпионаты жаңа идеяларды қалыптастырады, кәсіби-техникалық білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Оның шеңберінде Павлодар техникалық сервис колледжінің базасында «жеңіл автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету» құзыреттілігі ашылды. Бұл студенттерге жаңа мүмкіндік, әрі үлкен тәжірибе береді.

Әлемдік «Ворлскилс» қозғалысы «Еңбек адамын» дәріптейтін жобалардың бірі. Байқауға 14 студенттер қатысуда, әр қатысушы жеке-жеке 4 кезеңнен өтеді.

РҮСТЕМ МИНИКЕЕВ, БАС САРАПШЫ

Біздің базамызда жыл сайын осы байқау өтіп келеді. Қатысушылар саны да артты. Бұл студенттердің қызығушылығының арта түскенін көрсетеді. Айта кетейік, байқау 4 модульден тұрады, 2 күн өтеді. Онда қатысушылар автомобильді диагностикалау, жөндеу, шиномонтаждауды көрсетеді. Бұл олардың кәсіби шеберліктерін, тәжірибелерін көрсетуге үлкен мүмкін береді деп ойлаймын

 «Ворлскилс» байқауы кәсіби жұмысшылардың беделін көтеріп, үздік жас жұмысшы мамандарын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесі мен бизнес саласын біріктіретін басты алаң болып табылады.

ІЛИЯС БАЙБУСИНОВ, ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕС

Конкурста қатысушылар кәсіби-техникалық шеберліктерін көрсетеді. Техникалық сервис колледжінің матриалдық-техникалық базасы өте жоғары. Мұнда жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарды даярлап шығуға болады. Себебі білім беретін, үйрететін ұстаздардың да тәжірибелері мол. Барлығы студенттердің ынталарына байланысты

 «Ворлскилс» бастамасы болашақта техникалық мамандықтарды меңгеретін кәсіби мамандар үшін көкжиегі кең зор мүмкіндік.

Айта кетейік, қатысушылар байқауда кәсіби дағдыларын көрсетеді. Іріктеуден өтсе, аймақ намысын республикалық кезеңде қорғайды.

Қымбат Садық